Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған қымбат техникасын қайтарған полицейлерге Алматы тұрғын алғыс айтты

Алматы облысының тұрғыны ұрланған құны бір миллион теңге тұратын қымбат техникасын қайтарып берген полицейлерге алғысын жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу ауданы Бесқайнар ауылының тұрғыны ұрланған мүлікті екі сағат ішінде қайтарып, ұрлық дерегін ашқан полицейлерге шын жүректен алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Бесқайнар ауылы тұрғынының үйінде ұрлық дерегі орын алып, оның құны бір миллион теңге тұратын қымбат теледидары мен буфері қолды болған. Оқиға орнына жеткен жедел топ қысқа мерзім ішінде ұрлық дерегін ашып, мүлікті заңды иесіне қайтарған. Тәртіп сақшыларның жеделдігі мен кәсібилігіне риза болған тұрғын аудандық ПБ тергеу бөлімшесінің қызметкерлеріне бейнежазба арқылы ыстық ықыласын білдіріп, жұмыстарына толағай табыс тіледі.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері айтылған алғыстың қиын жұмыстарына берілген ең үздік баға екенін айтып, полиция –әрқашан халық қорғанында екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру