Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді

Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келді. Наразылық танытқан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Абай көшесі, 8 үй мекен-жайындағы бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналды. Қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап етті.

Оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазіргі уақытта қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды.

Айта кету керек, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті бұзуға және тәртіпсіздіктерге жол берілмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру