Қаратал өзенінің бойынан қару-жарақ пен оқ дәрі салынған қап табылды
Талдықорғанда Қаратал өзенінің бойынан қару-жарақ пен оқ дәрі салынған қап табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара барысынан қару-жарақ сақталған жасырын орын анықталды. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды.
– Қаптан 5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация табылды. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады, – деді Жетісу облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.
Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.