Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қару айналымы саласындағы заңнаманы бұзғандар жауапқа тартылды

2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қару айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 777 азаматтық қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 504, қаруды тіркеу (қайта тіркеу) ережелерін бұзғаны үшін 273 дерек тіркелді.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 77 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, заңсыз айналымнан 106 бірлік қару алынды (оның ішінде ойық – төрт, тегіс ұңғылы – 92, газды – бір, травматикалық – үш, пневматикалық – бес, сигналдық – бір).

2020 жылы Ақтөбе облысының азаматтары жалпы сомасы 3 млн.555 мың теңгені құрайтын 63 бірлік (ойық – бес, тегіс ұңғылы – 56, травматикалық – екі) атыс қаруын және ойық ұңғылы қаруға арналған 517 патронды өз еркімен тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру