Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару” ЖПІШ бойынша жұмыстар қорытындыланды

Маңғыстау полициясы “Қару” ЖПІШ бойынша
жұмыстарды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған жоспарына сәйкес маусым айының 22 мен 24 аралығында Маңғыстау облысы көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында төрт дана ІІО-да тіркелмеген заңсыз сақталған қару тәркіленді, олардың ішінен: бір дана- ойық ұңғылы аңшылық қару, бір дана- тегіс ұңғылы аңшылық қару, бір  дана – жарақат салатын қару және бір дана электрошокер.

Жалпы жыл басынан бері заңсыз сақтағаны үшін тіркелмеген қарулар барлығы 20 дана тәркіленді (ойық ұңғылы аңшылық – екі; тегіс ұңғылы – алты; жарақат салатын – екі; пневматиқалық – бес; сигналдық – төрт; электрлік – бір.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру