Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қарумен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен”: ШҚО-да бопсалаушылар ұсталды

Қазақстанның шығысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері 21 жастағы азаматтан 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалау фактісін анықтаған.

Хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер дереу тексеруге кірісті. Барлық жедел-іздестіру іс-шара кешенін өткізгеннен кейін, ақшалай қаражатты алу кезінде Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде қылмыс жасаған 20 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары оның заңсыз әрекетін растайтын заттай айғақтар – ақшаны тәркіледі.

Бопсалаушы жәбірленушімен бірнеше рет кездесіп, күш көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақшаны аударуын талап еткен және оның жеке куәлігін алып кеткені белгілі болды. Кейіннен жедел уәкілдер қаруды қаскөйдің туыстарының бірінен тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру