Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жол үстінен шығып кеткен 20-дан астам көлік жүргізушісіне көмектесті

СҚО полицейлері бір түнде жол үстінен шығып кеткен 20-дан астам көлік жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы қолайсыз ауа райы полиция мен жол қызметтері үшін үлкен сынаққа айналды. Сенбі күні сағат 19:00-ден жексенбі күні сағат 07: 00-ге дейін облыста республикалық және облыстық маңызы бар барлық жол жабылды. Жол жүріп келе жатқан жүргізушілер қардың түсуі және боранның салдарынан нөлдік көрінуге тап болды. Осы уақыт бойына Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Олардың көмегі жол шетіне шығып кеткен 20-дан астам жүргізушіге қажет болды.

Мысалы, патрульдік полиция батальоны қызметінің қызметкерлері Ризабек Ерсайынов пен Данияр Нұртазин Ақтөбе қаласынан келе жатқан 32 жастағы кәсіпкерге көмек көрсетті. Ол Opel Astra автокөлігін басқарып келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай Екатеринбург — Алматы автожолының 780 шақырымында жол шетіне шығып қалған. Жүргізуші “102” арнасына қоңырау шалып, көмек сұраған. Көлікті жол шығару үшін тәртіп сақшылары ауыр техниканы ұсынған жол-пайдалану учаскесінің қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болды. Жүргізуші қиын жағдайда оны жалғыз қалдырмай құтқарғандардың барлығына шын жүректен алғысын білдірді.

– Оқыс-оқиғаларға жол берілмеді. Жүргізушілерден қысқы жолдарда өте мұқият болуын сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтаңыз, қауіпті бұрылыстарда, елді мекендерге жақын жерде жылдамдықты төмендетіңіз. Ауа райы болжамдарын және Төтенше жағдай қызметінің автожолдардың жабылуы туралы хабарламаларын қадағалаңыз. Жабық жолдарға шыға үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ұмытпаңыз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз, – дейді жол қозғалысы қатысушыларына жүгінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру