Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қатардағы қызметкерден басшылық құрамға дейін жеткен еңбеккер

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық пробация қызметкерлері тыл ардагерін құттықтады, – деп хаарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай тыл еңбеккері ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылында тұратын ақсақал Ыбраим Ахметжанұлы, 1926 жылы Семей облысы Абралы ауданы Ақбұлақ совхозының тумасы.

33 жыл Ішкі істер министрі Абай аудандық милиция бөлімінде талмай қатардағы қызметкерден басшылық құрамға дейін жетіп зейнетке шыққан ардагерді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Абай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері азық-түлікпен және сыйлықтарымен құттықтап шықты.
Қуанышқа кенелген қарияның алғысында шек жоқ, осынау кең байтақ тәуелсіз елімізде кезіндегі еңбектерін ұмыт қалдырмай бүгінгі күні бағалап жатқан ұрпаққа атамыздың қуанышында шек жоқ, ақсақалдан бата алып жұмысымызға мол табыс тілеп өзінің көрген білгенімен бөлісіп шығарып салды.

«Атамыздың батасын алдық. Осындай қарияларымыз ортамызда ұзақ жасап жүрген біздер ең бақытты жандармыз. Қазіргі бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз осы ардагерлеріміздің арқасы. Сіздерге мың алғыс», – дейді Абай аудандық пробация қызметінің қызметкері Қуаныш Қабышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру