Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері тыл ардагерін құттықтады

Қызылорда облысының ҚАЖ қызметкерлері тыл ардагерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерліктің үлкен-кішісі болмайды.Ұлы Отан соғысы жылдары ер азаматтар соғыс алаңында отан үшін от кешсе, олардың амандығын тілеген ел жұрты тылда аянбай еңбек етіп, ерлік үлгісінің сан қырын таныта білді.

Сондай жандардың бірі тыл ардагері Ануза Елекева апайымыздың бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көріп, мерекесімен құттықтап қайтқан ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері, еңбекқор жанның өнегелі өмірін үлгі тұтпақ.

Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы Дінмұхамед Оспановтың ұйымдастыруымен және мекеме қызметкерлерінің қолдауымен болған бұл іс-шараға арнайы телеарнадан журналистер де шақырылды.

Журналистерге берген сұхбатында ардагер осы бақытты өміріне тек адал еңбекпен жеткендігін айтып, сұрапыл соғыс жылдарындағы тартқан тауқыметі жайлы толғана сыр шертті. Соғыс басталғанда он жеті жаста болған қыз тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да, ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін көрген мехнатына еш өкінбейтіндігін айтты.

Бір ғасырға жуық өмір сүрген қарт ананың өнегелі ғұмырын көріп, ғибратты әңгімесін тыңдап, ақ батасын алған ҚАЖ қызметкерлері бұл кездесуден рухани азық алып қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру