Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: Шымкентте бір күнде мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте бір күнде мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 19 сәуірден бастап “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 1187 жайты тіркелді. Атап айтқанда, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 2, ұялы телефон пайдаланған – 155, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 113 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 2, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 27, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен – 35, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 24, авариялық жағдай туындатқан – 1, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған 4 жүргізуші анықталды.

Ал 13 автокөлік айыптұрағына қойылып, 12 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.

Бұдан өзге, «Сергек» камералары арқылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 1450 дерегі анықталды. Оның ішінде 1174 тұлғаға белгіленген жылдамдықты арттырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру