Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер 20 жастағы ұрыны ұстады

Нұр-Сұлтанда полицейлер 20 жастағы ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны автокөлік салонынан екі рет ұрлық жасаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстағаннан кейін Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаған. Сот шешімімен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, жігіт оны бұзып, қайтадан қала аумағында қылмыстық әрекеттер жасауға барған.

Күдікті алаяқтық жолмен “OРРO” маркалы ұялы телефонын иемденіп алған. Жігіт бейтаныс қыздан қоңырау шалу үшін телефон сұрап, гаджетті өзімен алып кеткен. Сондай-ақ, ол “Magnum” супермаркетінде жүріп, 32 мың теңгеге тауар ұрлаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жігітті ұстады. Қазіргі уақытта күдікті бірнеше ұрлық жасағанын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру