Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 279 ЖҚЕ бұзушылары анықталды

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында 279 ЖҚЕ бұзушылары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіп, жолаушылар және жүк тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, сондай-ақ 20-24 ақпан аралығында ЖҚЕ бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Абай облысының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық ЖПІШ өтіп жатыр.

Аталған іс-шара барысында 279 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, 45 жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапқа тартылды, 3 жүргізуші мас күйде көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 азамат телефонды пайдаланып көлік құралдарын басқарған, 7 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналын елемесе, 25 бұзушылық жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін тіркелді, 9 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) бойынша техникалық байқаудан өтпегені үшін жауапқа тартылды.

Көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 1 фактісі анықталды, 3 азамат көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру