Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Василий Скляр Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Василий Скляр Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпан күні Василий Скляр Ақтоғай ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Офлайн кездесу барысында департамент бастығы полицияның 2022 жылғы жұмысы Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігінің нұсқауларын орындауға бағытталғанын атап өтті.

– Біз қабылдаған шаралармен жалпы облыс бойынша жедел жағдай 10%-ға, оның ішінде Ақтоғай ауданында 14%-ға жақсарды. Мысалы, облыста кісі өлтіру 15 фактіге, қарақшылық 8 фактіге, тонау 6 фактіге, бұзақылық 11 фактіге, ұрлық 253 фактіге азайды, – деп атап өтті Василий Скляр.

Полиция алдын алу шараларын жүргізді, бұл қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санын 160-қа және көшелерде 29-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

– Ауыл үшін мал ұрлығы мәселесі өзекті болып қала береді. Олардың саны облыс бойынша 14 фактіге немесе 19%-ға азайды, алайда ауданда 1-ден 4 фактіге дейін өсім байқалады. Айта кету керек, мал ұрлығы көбінесе жайылымнан жасалады. Әдетте қаңғыбас мал жоғалады немесе жол-көлік апатының себебі болады,- деп хабарлады Василий Скляр.

Мұндай фактілердің алдын алу үшін қаңғыбас малға арналған арнайы құрылған 146 тұраққа қараусыз жайылып жүрген 19 мыңға жуық үй жануарлары, оның ішінде автожол бойында жүрген малдар қамалды.

Бас полицей мал иелері міндетті түрде үй жануарларын сәйкестендіруді, оларды таңбалауды жүзеге асыруыды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы ұйымдастырған табындарда орталықтандырылған жайылымын қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті. Осы қарапайым шараларды орындау мал ұрлығы фактілерін едәуір азайтады.

Полиция департаментінің басшысы алаяқтыққа, әсіресе ақпараттық технологиялар арқылы жасалған алаяқтыққа тоқталды.

– Облыста 1073 интернет-алаяқтық тіркелді, Ақтоғай ауданының 2 тұрғыны да қылмыстың осы түрінің құрбаны болды. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Полиция департаментінің құрылымында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі, сондай-ақ облыс аумағында жасалған барлық алаяқтықтарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы топ құрылды. Ағымдағы жылы олар облыс аумағында да, еліміздің басқа өңірлерінде де төрт жүзден астам қылмыс жасаған 10 алаяқты ұстады, – деп атап өтті спикер.

Кездесуді пайдалана отырып, Василий Скляр азаматтарды сақ болуға және алданып қалмауға шақырды.

Көшелердегі және қоғамдық орындардағы криминогендік жағдайды сауықтыру үшін қылмыстарға егжей-тегжейлі мониторинг жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша наряд күштері мен құралдарының орналасуына үнемі түзетулер мен өзгерістер енгізіледі.

Бастық қатысушыларды Қазақстанда сервистік полиция құру бөлігінде полицияның қайта құрылуымен таныстырды.

– Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Павлодар қаласы полиция басқармасының базасында “полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Полиция жұмысына сервистік тәсілдерді енгізу проблемалық мәселелерді шешуді ескере отырып, біздің облыс орталығының тұрғындарына қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және азаматтардың Павлодар полициясына деген сенім деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі жұмыстың сервистік моделіне барлық полиция облыстары, содан кейін бүкіл республика көшеді, – деді В.Скляр.

Осы есепті кездесуге қатысушылар басшылардан өз сұрақтарына толық жауап алды, сондай-ақ Ақтоғай ауданының ішкі істер органдарының жұмысы бойынша ұсыныстар енгізді.

Соңында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр өңір тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы және диалогқа қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Есепті кездесуден кейін облыстық полиция ведомствосының басшысы азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру