Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Өзбекстанның көші-қон қызметтері ІІМ-де кездесті

Қазақстан мен Өзбекстанның көші-қон қызметтері ІІМ-де кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-де Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықовтың бастауымен Өзбекстаннан келген әріптестерімен және Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдерімен кездесуі өтті.

​Онда заңсыз көші-қонға қарсы күресте елдердің ішкі істер органдарының өзара іс-қимылы, адам саудасына байланысты қылмыстардың, көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, практикалық тәжірибе алмасу, оның ішінде заң шығару қызметінде талқыланды.

​Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың даму серпіні қызметтің барлық салаларында көрініс табатыны атап өтілді. Ішкі істер органдары арасында да ынтымақтастық тәжірибесі әзірленді.

​Аслан Аталықов ынтымақтастық перспективаларына, шетелдіктердің еңбек қызметін заңдастыру тетігін жақсарту жөніндегі шараларға, олардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, яғни біздің еліміздегі осындай мигранттарды көлеңкеден шығаруға тоқталды. Ішкі істер органдары шетелдік азаматтарға көрсететін қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастықты жандандыру, қос азаматтық фактілерінің алдын алу, көші-қонды бақылауды қамтамасыз етудің озық әдістемелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ болу кезінде заңды мүдделерді қорғау жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру