Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейлері американдық шерифтердің тәжірибесін зерттеді

Қазақстан полицейлері американдық шерифтердің тәжірибесін зерттеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің және ведомствоның оқу орындарының делегациясы АҚШ-қа оқу-таныстыру сапарымен барды. Бұл сапардың мақсаты – Америка Құрама Штаттарында полиция кадрларын даярлау және қоғамға бағытталған полиция саласындағы тәжірибесін зерттеу болатын.

Отандық полицейлер Қазақстандағы АҚШ елшігімен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстандағы бағдарламалық кеңседегі және Венадағы Штаб-пәтердегі қызметкерлерімен бірге Делавэр, Вирджиния Штаттары полициясының және Монтгомери округінің полиция департаментінің әріптестерімен кездесті.

Қазақстандық тәртіп сақшылары кандидаттарды жалдау және жұмысқа алу процестерімен, бұрыннан қызмет атқаратын сақшыларды және жаңа қызметкерлерді даярлауға арналған оқу бағдарламаларымен, сондай-ақ қоғамға бағдарланған полиция қызметін ұйымдастырудағы қолданыстағы тәсілдермен танысты.

Бұдан бөлек, Есірткіге қарсы күрес басқармасы академиясында (DEA) және Федералды тергеу бюросының академиясында (FBI) кездесулер кезінде кәсіптік оқыту мен тиісті полиция инфрақұрылымына ерекше назар аударылды.

Сапарды АҚШ-тың есірткі заттарының халықаралық айналымына және құқық қорғау қызметіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік департаментінің бюросы (INL) және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру