Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясына 29 жыл

Бүгін қазақстандық тәртіп сақшылары Полиция күні кәсіби мерекелерін атап өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыдан 29 жыл бұрын қабылданған “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” Заң ел полициясының құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын реттеп, оның қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөлін айқындады.

Бүгінде ішкі істер министрлігі – ондаған мың қызметкер еңбек ететін елдегі ең ірі және көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі.

Полицейлер күн сайын құқықтық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша күрделі қызмет атқарады. Көбінесе олар өз өмірін қатерге тігіп, қиын жағдайда қалған жандарға көмекке келеді. Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 802 қызметкер қаза тауып, 2650 адам жарақат алды.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қайсарлығы мен батылдығын ел басшылығы үнемі жоғары бағалайды. Ағымдағы жылдың өзінде Мемлекет басшысының Жарлықтарымен 27 қызметкер мемлекеттік наградалармен, ішкі істер органдарының 3560 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.

– Мемлекет басшысы біздің алдымызға заманауи талаптарға сай, технологиялық жағынан тиімді, халықтың сеніміне ие және қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алатын ішкі істер органдары жүйесін құру жөнінде міндеттер қойған еді.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары аясында полиция жұмысының сервистік моделін енгізу қамтамасыз етілуде, құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен құралдары әзірленді.

Қызметкерлердің қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсерін қамтамасыз ететін “Жұртқа жақын полиция” қағидаты енгізілу үстінде. Ең бастысы-азаматтармен ашық диалог құрылып, жұмыстың ашықтығы қамтамасыз етілуде.

Бұл бізге ерекше жауапкершілік жүктейді. Бүгінде полиция қылмыспен тиімді күресуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерге ие, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестеріне және ардагерлеріне арналған құттықтауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру