Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Қанатұлы Атырау облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іссапар аясында Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметіне арналған жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметі, жедел ахуал, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және қызмет тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар комитет төрағасының бірінші орынбасары өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралап, нысандардың материалдық-техникалық базасымен, сотталғандарды ұстау жағдайымен және мекемелердің күнделікті жұмысымен танысты.

Іссапар қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру