ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Павлодар облысындағы мекемелердің қызметімен танысты
ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Павлодар облысындағы мекемелердің қызметімен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Тұңғышбаев жұмыс сапары барысында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің қызметімен танысты.
Сапар барысында Рүстем Тұңғышбаев №44 мекемеге барып, сотталғандардың күн тәртібінің ұйымдастырылуын, оларды ұстау жағдайларын, тұрмыстық қамтамасыз етілуін және белгіленген режим талаптарының сақталуын тексерді.

Сонымен қатар мекемеде сотталғандардың еңбекпен қамтылуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өндірістік учаскелердің жұмысы, еңбек жағдайлары, сотталғандардың кәсіби дағдыларын дамыту және оларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған шаралар зерделенді.
Сотталғандарды еңбекке тарту олардың тәртіпті сақтауына, пайдалы дағдыларды меңгеруіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне оң әсер ететіні атап өтілді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Рүстем Тұңғышбаев мекеме қызметін одан әрі жетілдіруге, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

ҚАЖ басшылығының мұндай жұмыс сапарлары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызмет тиімділігін арттыруға және сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
