Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті

Қызылорда облысы ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сап түзеп, карантин талаптарын сақтай отырып,  мемлекеттік Гимнін орындады.

Департамент басшысы Шаймерден Тәжіқұлұлы  барша қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

 

– Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесіне биыл 28 жылтолды.  Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді  құрметтеу әр адамның парызы. Әрқашан тәуелсіздігіміз  тұғырлы, бейбіт күніміз ғұмырлы,  еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, –  деп ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру