ҚАЖ қызметкерлерінің балалары мерекеге орай сыйлықтар алды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері балалар күніне орай балақайларға қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекемедегі көп балалы қызметкерлердің балаларын кадр қызметкерлері құттықтап, тәттілер мен сыйлықтар табыстады.
- "Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі" демекші, балалардың тағдыры оны тәрбиелеп отырған адамдардың қолында. Және біз қоғам болып балалардың болашақта жақсы азамат болып өсуіне септігімізді тигізуіміз керек, – деді мекеме басшысы К.К.Жусупов.