Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлерінің балалары мерекеге орай сыйлықтар алды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері балалар күніне орай балақайларға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемедегі көп балалы қызметкерлердің балаларын кадр қызметкерлері құттықтап, тәттілер мен сыйлықтар табыстады.

– “Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі” демекші, балалардың тағдыры оны тәрбиелеп отырған адамдардың қолында. Және біз қоғам болып балалардың болашақта жақсы азамат болып өсуіне септігімізді тигізуіміз керек, – деді мекеме басшысы К.К.Жусупов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру