Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан елордалық тергеу изоляторының инспекторы жүлдегер атанды

ҚАЖК қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан елордалық тергеу изоляторының инспекторы жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінің басшылығы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан XIII чемпионатында жүлделі 1-орын алған режим және күзет бөлімінің ведомстволық өрт күзетінің инспекторы Байдәурен Чуюнбаевты құттықтайды.

Капитан Б. Чуюнбаев үшін бұл бірінші жеңіс емес. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолында Байдәурен бірнеше рет аталған турнирдің чемпионы атанды. 2016, 2017 және 2018 жылдары ол самбо және қоян-қолтық ұрыстан ҚАЖК чемпионаттарында 1-орын алған.

– Бұл жеңіс – біздің мекеменің намысын қорғаған капитан Б.Чуюнбаевтың тамаша дайындығы мен жоғары кәсібилігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар барлық жеке құрамның спорттық дайындығын дамытуға қосқан зор үлесі. Өзінің үлгісімен ол қызметкерлерімізді рухани ғана емес, физикалық тұрғыдан да дамуға шабыттандырады. Жеке өз атымнан және мекеменің барлық қызметкерлерінің атынан спортшымызды құттықтаймын және алдағы жеңістер мен жоғары спорттық жетістіктер тілеймін!, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Әсет Нұрсейіт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру