Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады

Қазығұрттық полицейлер ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті дәмханалардың бірінде жұмыс жасайтын тұрғыннан арыз түседі. Қыздың айтуынша, оның үстел үстіне қойып қойған ұялы телефонын белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрайды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды.

Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті әйел дәмханаға тамақтану үшін келген. Сол кезде қараусыз тұрған ұялы телефонды көріп, білдіртпей алып кеткен. Ол ұялы телефонды өз қажеттілігі үшін алғанын мойындады. Осылайша күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «міндеттемеде». Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ұялы телефондарыңыз бен әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне бағалы заттарыңыз түспес үшін ішкі қалтатаңызға, аузы жабық сөмкеге салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру