Қоғамдық көлікте тәртіп бұзған жолаушы полицияға жеткізілді
Шымкентте қоғамдық көлікте тәртіп бұзған жолаушы полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының бейне камерасының көмегімен 2020 жылдың 23 қазанында шамамен сағат 18.40-та Шымкент қаласы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Күншығыс» аялдамасында тұрған №35 қоғамдық автокөліктің ішінде болған жолаушыны себепсіз ұрған белгісіз адамның жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1986 жылы туған жергілікті тұрғын. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.