Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 2 мыңнан астам павлодарлық анықталды

Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген екі мыңнан астам павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Академик Бектұров көшесіндегі үйдің тұрғындарының таңы шумен басталды. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам пәтерін шатастырып алған. “Көңілді” мерекеден кейін біреудің есігін қатты және ұзақ қаққаны үшін ол Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ, қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлімі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сол күні Бұқар Жырау көшесіндегі дүкенде мас жігіт дүкен қызметкерлері мен клиенттердің шағымын тудырды. Олар полицияға жүгінген. Осындай жағдай Академик Шөкин көшесіндегі көпқабатты үйде де орын алды. Үй тұрғыны полицияға екінші қабатта ер адамдардың алкоголь ішкені туралы шағымданған. Бұл факті назардан тыс қалмады және бірнеше минуттан кейін үш адамды полиция қызметкерлері ұстады.

Сондай-ақ, 24 наурызда сағат 21:35-те 102 операторына мас ер адам ғимараттың кіреберісінде отыр деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген бойда ер адам өзіне және басқа да жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіре отырып, Астана көшесіндегі жолдың жүру бөлігінде отырған.

Полиция мен жүргізушілердің өтініштеріне жауап бермеген. Ер адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, онда медициналық қорытындыға сәйкес ер адам мас күйде болған.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың үш айында 2 020 адамның қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру