Қоғамдық орынды ластаған оңтүстіктің тұрғыны жауапқа тартылды
Шымкентте қоғамдық орынды ластаған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша видео жазба жолдап, аталған жайт бойынша заңды шешім қабылдауды сұраған. Келіп түскен бейнежазбаға сәйкес Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының учаскелік полиция пунктінің инспекторы Жалғас Усербаев Қошқар ата өзені бойында өзінің автокөлігінен шыққан қоқысты тастағаны үшін Абай ауданының тұрғынына ҚР ӘҚБтК 434-бабы 2-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша хаттама толтырды.