Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоңырау шаламын деген желеумен өзгенің телефонын иемденген астаналық тұрғын ұсталды

Қоңырау шаламын деген желеумен өзгенің телефонын иемденген астаналық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны арызбен жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.
Жәбірленушінің айтуынша, көлік жуу орнында оған бейтаныс ер адам келіп, онымен әңгіме өрбіткен. Оның сеніміне кіріп, қоңырау шалу үшін ұялы телефонын бере тұруды өтінген. Телефонды алғаннан кейін ол біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, жайлап алыстап, содан кейін құны 250 мың теңге тұратын Huawei P30 Pro маркалы телефонын алып кеткен. Күдікті телефонды сатқысы келген, бірақ үлгермеген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасауға қатысы бар 20 жастағы жас жігітті анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру