Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоқыс қалдығын көшеде қалдырған азамат анықталды

Шымкентте қоқыс қалдығын көшеде қалдырған азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрылыс қалдықтарын көше бойына жинаған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жайт Теріскей мөлтек ауданы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орын алған. Әкімшілік аумаққа жауапты Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары құрылыс жүргізіп жатқан нысан иесіне белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастамау қажеттігін түсіндірді. Айта кетейік қазіргі таңда қала аумағында қоғамдық орындарда және қала көшелерінде тәртіпті сақтауға, абаттандыру және санитарлық нормалар ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластау, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. «Таза қала» іс-шарасы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру