Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қорадан ағылшын тұқымды жылқы ұрланды

Қарағанды облысында қорадан ағылшын тұқымды жылқыны ұрлап кеткен бақташы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыз күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне аталған ауданға қарасты ауылдардың бірінде жылқы ұрланды деген ақпарат түскен. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобына, 27 жастағы қожалық иесі белгісіз біреу ат қорадан, яғни ағылшын тұқымды құны 2 млн.тенгеден асатын жылқысының ұрланғанын айтқан.

Оқиға орынын зерделеп, қылмыс болған жерді жіті бақылаған полиция қызметкерлері құнды жылқыны тек оны қарап, бақылап жүрген адамның ұрлауы мүмкін деген болжамға келген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы бақташыны қолға түсірді. Полиция қызметкерлерінің жылдам іс-әрекеттерінің арқасында күдікті ұрланған жылқыны сатып үлгермеген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру