Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-ның бастығы алғашқы рет азаматтарды қабылдады

Қостанай облысы ПД-ның бастығы Ерлан Файзуллин қызметіне кірісіп, бірінші кезекте азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір тұрғындары қылмыстық істерді тергеу мәселелерімен жүгінді. Мәселен, солардың бірі «Финико» қаржы пирамидасының құрбаны болған облыс орталығының тұрғыны. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың 120-дан астам тұрғыны пирамидаға қомақты қаражат салған.

Ерлан Файзуллин көп эпизодты істі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін процестік шешім қабылданады.


Азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі осы қылмыстардың жаңа түрлері мен тәсілдері туралы халықтың хабардар болуына байланысты.

Қостанай полициясының күш-жігері қылмыстарды ашуға және осындай деректердің алдын алуға бағытталған.

Қостанай облысы ПД-ның бастығы қазіргі уақытта ҚР ІІМ қарайтын «Азаматтық қоғаммен әріптестікте 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы» жобасына қоғамның нақты сұраныстары ескерілгенін, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келетіні айтылды.

Азаматтарды қабылдау-халықпен кері байланыс жасаудың басты құралы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру