Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын түсіндіру кезінде полицейлер карантиндік шаралардың сақталуын бақылау қалай жүзеге асырылатындығын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Бисембаев биылғы жылдың 9 қарашасы күні сағат 00.00-ден бастап облыс көлемінде 12 санитарлық бекет қойылатынын атап өтті. Олардың төртеуі  Қостанай облысының мемлекеттік шекарасында, үшеуі  Қостанай қаласының периметрі бойынша, төртеуі Қостанай ауданының периметрі бойынша,  біреуі Жітіқара ауданында орналасады.

Санитарлық бекеттер адамдардың, сондай-ақ көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақылайды және термометрия жүргізетін болады.

Санитарлық бекеттерде жұмыс істеуге 94 полиция қызметкері жұмылдырылады, олар қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Қызметті тәулігіне 12 сағаттық ауысыммен атқаратын  полицейлер медицина қызметкерлеріне көмек көрсететін болады, сондай-ақ санитарлық бекеттер 13 патрульдік машинамен қамтамасыз етілген.

– тұрғындарға сағат 22.00 – ден кейін шығуға тыйым салынады. Төтенше жағдайлардан басқа, тұрғынжайлардан себепсіз шығу фактілері бойынша полиция қызметкерлері Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне  материал жібереді.

– такси қызметтерінің жұмысы сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін шектеледі.

Полиция қызметкерлері өткізілетін бұқаралық іс-шараларды (туған күндер, тойлар, үйлену тойлары, корпоративтік іс-шаралар) анықтауға ерекше назар аударады.

Өңірде  өкілетті органдардың қызметкерлерінен құрылған 91 мониторингтік мобильдік топ жұмыс істейді, олар 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 4 105 рейдтік іс-шара өткізіп, 5 364 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 490 құқық бұзушылықты мониторингтік топ, 4 874 құқық бұзушылықты  полиция қызметкерлері  анықтап, нәтижесінде 1 444 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру