Қостанай облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде қылмыскер ұсталды
Қостанай облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан күні «Мигрант» Республикалық жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Қостанай облысы Рудный қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің мамандары Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына мемлекетаралық іздеуде жүрген 27 жастағы Ресей елінің азаматын анықтады.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу мәселесі бойынша осы азамат көші-қон қызметіне жүгінген кезде тәртіп сақшылары белгілеген.
Жас жігіттің 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Түркиядан келгені, көрші мемлекеттің аумағында «Бопсалаушылық» бойынша іздеуде екендігі анықталды.
Полиция қызметкерлері көрші елдің азаматын уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Минск конвенциясы аясында айыпталушыны ұстау және анықтау туралы ақпарат іздеу бастамашысына Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына жіберілді.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дутпаев облыста «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 29 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 3 шетелдік елден шығарылғанын хабарлады. Сондай-ақ аймақтың 43 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар шетелдік азаматтар үшін қабылдаушы тараптың ережелерін бұзды.