Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында рөлде қалғып кеткен жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысты

Қостанай облысында жүргізуші әйел рөлде қалғып кетіп, тұрақта тұрған патрульдік көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында 54 жастағы жүргізуші әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол тұрақта тұрған патрульдік полицияның қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО 30 қаңтарда сағат 13.30-да Қарабалық ауданының “Рубеж” стационарлық бекетінде орын алды. Әйел Челябі қаласынан 14 жасар қызы және қайын енесімен бірге отбасылық іс-шарадан көлігімен оралып келе жатқан. “Рубеж” бекетіне жетпей, әйел қалғып кетіп, жол-көлік оқиғасы орын алды, зардап шекккендер жоқ. Бұл кезде патрульдік көлік ішінде полиция қызметкерлері болған жоқ. Полицейлер отбасыға алғашқы көмек көрсетті.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 6 айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. Іс бойынша шешімді сот қабылдайды. Залалды өтеу мәселелері сақтандыру төлемдері арқылы немесе сот тәртібімен шешілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру