Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жасанды су айдынында қайғылы оқиға орын алды

21 жастағы жігіттің денесі жасанды су айдынынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым сағат 08:48 іздестіру жұмыстарының қорытындысында, “Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері су айдынынан 1999 жылы туған жігіттің денесін алып шықты.


Куәгерлердің айтуынша, 3 маусымда жігіт су айдынында достарымен бірге болып, белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Қайғылы оқиға Қарасу ауданындағы Айдарлы ауылының шетіндегі жасанды су қоймасында орын алды.


Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды кезекті рет судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру