Қостанай облысының Әкімдігі Полиция департаменті қызметкерінің жетістігін алғыс хатпен атап өтті
Полиция департаментінің қызметкері республикалық деңгейдегі байқауға қатысып, жүлделі орынға қол жеткізгені үшін Облыс әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетсек, Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Кира Гартман «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында жүлделі екінші орынға ие болған еді.
Байқау Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында онлайн режимде өткізілді.
Жеңімпазды облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова құттықтады.
– Жерлестеріміздің маңызды конкурстарға облысымыздың атынан қатысып, топ жарғанына өте қуаныштымыз. Облыстық Полиция департаментінің жұмыс ерекшеліктеріне қарамастан, әрқашан бірлескен жобаларды қолдайтыны қуантады, – деді Гүлжан Мендекинова.