Қостанай облысының ПД бастығы аудандық бөлімшелерге барып қайтты
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин аудандық бөлімшелерді тексеруді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы ол Қарасу және Сарыкөл полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді.
– Ауылдық жерлердегі биліктің екі негізгі өкілі- ол әкім және учаскелік инспектор. Ауылдағы учаскелік полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғауға да, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жауапты. Мұнда бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аудару қажет.
Учаскелік қызметкердің жұмысын бағалау азаматтарға тікелей байланысты. Қазір нәтижелі жұмыс үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД басшысы.
ПД бастығы қылмыстық істерді тергеудің үш буынды моделіне және полиция қызметінің жұмыс процестерін цифрландыруға тоқталды.
Ерлан Файзуллин қазіргі уақытта белсенді қолданылып жүрген және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қылмыстарды жедел ашуға қызмет ететін бейнебақылау камераларын орнатуға назар аударды.
Қарасу және Сарыкөл аудандарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алаяқтықтың алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес қоғамның нақты сұраныстарын ескеретін қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы сияқты полициядағы заманауи реформаларды ескере отырып, жұмыстағы тәсілдерді өзгертудің маңыздылығы айтылды.