Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері қызмет бабында қаза болған Дархан Базарбаевты еске алды

Қостанай облысының полицейлері қызмет бабында қаза болған Дархан Базарбаевты еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 19 қаңтарда Қостанай облысында өз отбасын пышақтамақшы болған қаскөйдің қолынан қызметтік міндетін атқару кезінде Дархан Базарбаев қаза тапты. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен Дархан Базарбаев III дәрежелі “Айбын” орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды.

Іс-шараны ашқан Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Дархан Базарбаевтың есімі департаменттің еске алу мемориалдарында және полиция бөлімдерінде мәңгі қалғанын атап өтті. Мұражайда, бөлімшелерде “Ерлік” бұрыштары ашылды, Дархан “Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына” енгізілді.

2022 жылы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында батыр атындағы аудитория ашылды. Бұл болашақ офицерлерді патриотизм мен батырлық рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Іс-шараға қаза тапқан полицейдің ата-анасы Серік Базарбайұлы мен Замзагүл Жақиқызы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

– Үш жыл өтсе де Дарханның жоқтығы жүрекке ауыр тиеді. Ол әрқашан біздің есімізде қаһарман болып қалады. Отанға қызмет етудің және батылдықтың үлгісі болады. Ер адамды ұстау кезінде Дархан пышақ жарақатын алды. Ауыр жарақат алса да, ол күдіктіні тоқтату үшін және өзге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады, – деп еске алады Дарханның әріптестері.

Бүгін полиция департаменті үшін дәстүрге айналған полицейді еске алуға арналған волейболдан турнир өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру