Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері талмасы ұстап қалған баланы құтқарып қалды

Қостанай облысының полицейлері талмасы ұстап қалған баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтар кешкі сағат 20:40 шамасында кезекшілік кезінде патрульдік полиция инспекторы Димаш Алдабергенов аға инспектор Дамир Ибраевпен бірге эпилепсиямен ауыратын балаға көмек көрсетті.

Рудныйдағы Ленин мен Горняктар көшелерінің қиылысында орналасқан модульдік пунктте кезекшілік кезінде ер адам жүгіріп келіп, «Наурыз» сауда үйінің жанында эпилепсия белгілері бар бала жатқанын хабарлады.

– Ер адамның көмекке шақырған айқайын ести салысымен, қолыма қасықты ала сала дереу оқиға орнына жүгірдім. Бала қатты құрысып, аузынан көбік шығып жатты. Оны құтқару үшін бірден әрекет ете бастадым, қырынан жатқызып, аузына қасық салып, иегін жаза бастадым. Осы уақытта менің серіктесім жедел жәрдем шақырды, олар бірнеше минут ішінде келіп, баланы ауруханаға алып кетті, – деді Димаш Алдабергенов.

Рудныйлық дәрігерлер полицейлердің баланың қасынан уақытында табылғанын және эпилепсиямен ауыратын адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қажет нәрсенің бәрін жасағанын атап өтті.

11 жасар баланың анасы патрульдік полицейлерге жедел және уақтылы көрсетілген алғашқы медициналық көмек үшін алғысын білдірді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру