Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерін құттықтады

Қостанай облысының полицейлері тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қостанай облысы ПД басшылығы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жесірлерін құттықтады. Оларға ҚР Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

– Ұрпақтар жадында жауынгер-қорғаушылардың батылдығы мен ерлігі мәңгі сақталады. Ішкі орган қызметкерлері үшін өткен кезеңдегі ерліктің даңқты дәстүрлері әрқашан туған жерге деген шексіз адалдық пен сүйіспеншіліктің үлгісі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Бұл күні Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев, Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев, кадр аппаратының өкілдері жесірлер мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтықтары мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Ардагер Федор Кипкаловтың жесірі Екатерина Камаргина ері туралы естеліктерімен бөлісті.

– Соғыс жылдарында менің күйеуім пулеметші ретінде 345-ші десанттық полктің 105-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында жауынгерлік қимылдарға қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін ол полициядағы қызметін жалғастырды, – деп еске алады ол.

Тыл еңбеккері Анна Выгонюк соғыстан кейін медайықтырғышта санитар, медбике болып жұмыс істеді. 1981 жылы ол еңбек демалысына шыққанымен,  жұмысын жалғастырды.

93 жастағы Нина Лихобабина – Ұлы Отан соғысының ардагері, полиция қызметкері Николай Лихобабиннің жесірі қонақтардың келгеніне қатты қуанды.

– Күйеуімнің әріптестері бірде-бір мерекеде мені ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Жолдасым тірі болмаса да, осылай елегендері, әрине, қуантады, –  деп атап өтті ол.

Николай Лихобабин 1942 жылдан бастап Смоленск облысының Козельск қаласында 192 гвардиялық артиллериялық полк құрамында жауынгерлік қимылдарға қатысқан.

Тыл еңбеккері Кенжебай Жанғожин биыл өзінің 88 жылдығын атап өтті. Ол  Ішкі істер органдарында 27 жыл жұмыс істеген.  Еңбек жолын 1963 жылы Боровское (қазіргі Меңдіқара) ауданында тергеуші болып бастаған. Ол 1990 жылы социалистік меншікті ұрлауға қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметінен еңбек демалысына кетті.

ҰОС қатысушысы Абдулла Кужахметованың жесірі – Карима Галимьянова да жұбайы туралы әңгімелеп берді. Соғыстан кейін ол учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жақында Карима Хайрисламқызы 92 жасқа толады.

– Біз үшін, ең маңыздысы, қамқорлық пен көңіл, – деп ол құттықтаулар үшін алғысын білдірді.

Жеңіс күні қарсаңында полиция департаментінде бірқатар іс-шаралар өтеді, олардың арасында мұражайға экскурсиялар, ерлік сабақтары және басқа да іс-шаралар бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру