Қостанай облысының Полиция департаментінде жауынгерлік рухты көтеруге бағытталған кездесулер өткізілуде
Қостанай облысы Полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – сенімділікті нығайту және қызметке деген адалдықты қалыптастыру болып табылады.
Департамент психологтары патрульдік полиция қызметкерлерімен "Жауынгерлік рух" атты медитация тренингтерін өткізді.
- Қазақтың Қобыланды, Қарасай, Бөгенбай сияқты батырларының образы арқылы біз ерлік пен батылдық, Отанға риясыз қызмет ету, елін қорғауға деген ұмтылыс және қиын сәттерде көмекке келу сияқты қасиеттер туралы айтамыз, - дейді ПД аға инспектор-психологы Динара Кистубаева.
Кездесу барысында Ауған соғысының ардагерлері болып табылатын Қостанай облысының ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев пен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісов соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.
- Жауынгерлік бауырластық пен өмірлік тәжірибе полицияда адал қызмет етуге көмектесті, - дейді Ербол Дербісов.
Ардақ Ынтықбаев пандемия кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің уақытпен санаспай, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша адал қызмет атқарғанын атап өтті.
- Халықтан ең көп алғыс патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты келіп түседі, тек жыл басынан бері басшылықтың атына азаматтардан 200-ден астам алғыс келіп түсті, - деп атап өтті А.Ынтықбаев.
2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде барлық патрульдік полиция қызметкерлеріне офицерлік атақ берілді.
- Мемлекет тарапынан жоғары жалақы мен әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сол себепті сіздер қызметтік міндеттеріңізді жоғары деңгейде орындауларыңыз керек, - деп атап өтті Ардақ Ынтықбаев.