Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер адам тонаған төрт күдіктіні ұстады

Қарағанды полицейлері адам тонаған бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні сағат 23.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің маңында адам тоналғаны туралы хабарлама түсті.

28 жастағы жәбірленуші азамат полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулермен кикілжіңге келіп қалғанын айтты.

Белгісіз азаматтар жәбірленушінің ұялы телефонын және ішінде ақшасы мен құжаттары бар әмиянын тартып алып, “Lexus” автокөлігіне мініп қашып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Оған келтірілген шығын көлемі 125 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт күдіктіні ұстады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру