Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының Полиция департаментінде жауынгерлік рухты көтеруге бағытталған кездесулер өткізілуде

Қостанай облысы Полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – сенімділікті нығайту және қызметке деген адалдықты  қалыптастыру болып табылады.

Департамент психологтары патрульдік полиция қызметкерлерімен “Жауынгерлік рух” атты медитация тренингтерін өткізді.

– Қазақтың Қобыланды, Қарасай, Бөгенбай сияқты батырларының образы арқылы біз ерлік пен батылдық, Отанға риясыз қызмет ету, елін қорғауға деген ұмтылыс және қиын сәттерде көмекке келу сияқты қасиеттер туралы айтамыз, – дейді ПД аға инспектор-психологы Динара Кистубаева.

Кездесу барысында Ауған соғысының ардагерлері болып табылатын Қостанай облысының ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев пен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісов соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

– Жауынгерлік бауырластық пен өмірлік тәжірибе полицияда адал қызмет етуге көмектесті, – дейді Ербол Дербісов.

Ардақ Ынтықбаев пандемия кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің уақытпен санаспай, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша адал қызмет атқарғанын атап өтті.

– Халықтан ең көп алғыс патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты келіп түседі, тек жыл басынан бері басшылықтың атына азаматтардан 200-ден астам алғыс келіп түсті, – деп атап өтті А.Ынтықбаев.

2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде барлық патрульдік полиция қызметкерлеріне  офицерлік атақ берілді.

– Мемлекет тарапынан жоғары жалақы мен әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сол себепті сіздер қызметтік міндеттеріңізді жоғары деңгейде орындауларыңыз керек, – деп атап өтті Ардақ Ынтықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру