Қостанай облысының ҚАЖ қызметкерлері мешіт имамымен кездесті
УК-161/12 мекемесінің мәжіліс залында қызметкерлермен тәрбиелік мақсатта сұхбат өткізу үшін мешіт имамымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы мекемеге арнайы келіп, жеке құраммен тәрбиелік мақсатта дәріс өткізді. Сұхбат барысында бас имам қызметкерлерге ислам дінінің тарихы және адам өміріндегі маңызы жайлы айтып, мәдениеттілік пен адамгершілік, жауапкершілік, сыйластық пен сабырлылық сияқты жақсы қасиеттердің болу керектігі жайында сөз етті.
Жеке құрамға қызмет барысында жұмыстарына адал, жауапкершілікпен қарауды айтып, ислам дінінде рұқсат етілмегендей алкогольдік ішімдік пен түрлі азарттық ойындардан, сондай-ақ, басқа да жаман қасиеттерден аулақ болуды атап өтті. Мекеме қызметкерлері бас имамға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.