Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Серіктес» 300 миллион теңге шығын келтірді

Қарағанды облысы Теміртау қаласында ықылассыз серіктес Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне 300 миллионнан астам шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директоры хабарласқан. Оның арыздануы бойынша бұған дейін ол қаладағы фирмалардың бірімен келісім-шартқа отырған. Алайда олар келісім –шартты бұзып, жеті контейнермен 3150 электртехникаларын өз еріктерімен алып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 миллион теңгеден астам сомманы құраған.

Полиция қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар барысында ықылассыз фирманың 44 жастағы жетекшісі анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 389-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру