Қостанай полицейі самбодан Азия және Океания чемпионы атанды
Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Асқар Абдулла Азия және Океания чемпионатында ел намысын сәтті қорғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық жарысқа 30 елден 600-ге жуық спортшы қатысты. Қостанайлық полицей 98 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алып, чемпион атанды.
Полиция капитаны Асқар Абдулла 2018 жылдан бері Ішкі істер саласында жұмыс істейді. Ол өз жұмысын сәтті атқарып қана қоймай, бала кезінен сүйетін спортпен де айналысып жүр.
Ол жауынгерлік самбодан спорт шебері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр.
– Жарыстың деңгейі мен ондағы бәсекелестік жоғары болды. Сондықтан оған тыңғылықты дайындалдым. Мен үлкен жауапкершілікті сезіндім, өйткені ел намысын лайықты қорғауым керек еді. Халықаралық чемпионатта лайықты өнер көрсете алғаныма қуаныштымын, – деді Асқар Абдулла.