Қостанай полицейлері кәсіби мерекеге орай эстафета ұйымдастырды
Орталық стадионда Қазақстан полициясы күніне арналған спорттық жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оларға Қостанай қаласының ОЖВ, ЖҚАЖ, Қостанай ПБ, cолтүстік полиция бөлімі, патрульдік полиция батальоны, Қостанай және Алтынсарин полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырушылардың идеясына сәйкес АЖДБ және «Динамо» ДШСҚ эстафета бағдарламасы бірнеше кезеңдерді қамтыды:табельдік қаруды құрастыру және бөлшектеу, газ маскасында жүгіру, оқ-дәрілер қорабын тасымалдау және қыздар арасында жүгіру.
– Кәсіби мереке қарсаңында осындай полиция эстафетасын өткізу дәстүрге айналуы тиіс. Бүгінгі таңда Қостанай полициясының жеке құрамы арасында кәсіби спортшылардың саны өте көп екені қуантады. Олардың арасында спорт шеберлері, соның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Тергеушілердің, патрульдік, учаскелік және ПД басқа бөлімшелерінің өкілдерінің спорттық жетістіктері халықаралық деңгейде байқалып, оң бағасын алды, – деп атап өтті «Динамо» ДШСҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Чернявский.
Аралас эстафетаның қорытындысы бойынша ЖҚАЖ командасы жеңімпаз деп танылды. ІІ орында ОЖВ командасы болды, жүлдегерлердің үштігін Қостанай ПБ құрамасы түйіндеді.