Қостанай полицейлері ұрланған қой отарын иесіне қайтарды
Қостанай полицейлері ұрланған қой отарын иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 ақпанға қараған түні Б.Майлин атындағы ауданға қарасты Орынбор ауылының тұрғындарының бірінің қорасынан 7 бас қой ұрланған. Малдын жоқтығын анықтап, ол дереу полицияға жүгінген. Полицейлер Әнуар Бобжиков пен Нұрболат Тілеубергенов жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ұрланған малды иесіне жарты сағаттың ішінде қайтарып берді.
– Шақыруға келгеннен кейін біз бірден көліктің жаңа іздерін көрдік. Сол бойынша іздей бастадық. Іздер бізді үйлердің біріне апарып, қорадан ұрланған қойлар табылды. Жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 180-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жергілікті тұрғын Бахтияр Майлыбай полицейлердің атына алғыс хат жазып, оларға ризашылығын білдірді.
– Полицейлер Әнуар Бобжиков пен Нұрболат Тілеубергеновке рақмет! Олар шақыруға жедел жауап беріп, қойларымды тапты. Оларға қызметте сәттілік тілеймін, – деп жазды ол алғыс хатында.