Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері жалған мемлекеттік нөмір таққан 2 автокөлік иесін анықтады

Қостанай полицейлері жалған мемлекеттік нөмір таққан 2 автокөлік иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған нөмірлері бар жүргізушілер Қарабалық және Жітіқара аудандарының аумағында жүрген. Бұл деректер «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында анықталды.

Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жаза қолданылады.

Ол бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға алып келіп соғады.

Қостанай облысында жедел-профилактикалық іс-шара аясында 3 күн ішінде барлығы 1250 бұзушылық анықталды.

– Мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жедел алдын-алу іс-шарасы барысында 25 жүргізуші ұсталды. Көлікті басқару құқығынан айырылған адамдардың рөлге отырған 5 фактісі, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын тізгіндеген 22 дерегі анықталды. 82 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жазаланды. Сондай-ақ көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың 23 фактісі тіркелді.

Мамандандырылған айып тұрағына 40-тан астам автокөлік жіберілді, – деді Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев.

Сондай-ақ полицейлер жолдар мен жол құрылыстарына 125 қосымша тексеру жүргізді. Жолдарды күтіп ұстаудағы кемшіліктерді жою бойынша 122 нұсқама берілді. Жолдарды талапқа сай ұстамағаны үшін 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасы жол қауіпсіздігін күшейту, облыстың автомобиль жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 20-24 ақпан аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру