Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері жол апатын қысқарту бойынша бірқатар шараны ұсынды

Қостанай полицейлері жол апатын қысқарту бойынша бірқатар шараны ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен және жол қызметтерімен бірлесіп, өңірдегі жол қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Кеңесте атап өткендей, Қостанай облысының жолдарындағы жағдай ЖКО санының 18,8%-ға, ал зардап шеккен азаматтар санының 47-ге дейін өсуімен сипатталады.


Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков полицейлер мен жергілікті атқарушы органдар үшін маңызды міндет – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі мен денсаулығы екенін атап өтті.

– Жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін бәрін жасауымыз керек. Өз тарапымыздан біз бұл үшін бар күшімізді саламыз. Қала дамып келеді, автокөлік саны да артып келеді, сондықтан облыс орталығы мен бүкіл облыс бойынша қозғалысты қауіпсіз ету маңызды, – деп атап өтті ол.

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, әрбір төртінші ЖКО жол инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жай-күйі себебінен жасалады. Жол қозғалысының проблемалары, әсіресе, қарбалас уақыттағы көлік кептелісінен көрінеді.
Қыс мезгілінде іс жүзінде жоқ жол белгілерінің сапасы да, орналасуы да сынға ұшырады. Осы себептен республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда 6 жол көлік оқиғасы орын алды.

– Біз жол инфрақұрылымына, жаңа бағдаршамдар мен жол белгілерін сатып алуға қаржы бөлуді одан әрі арттыратын боламыз. Бұл маңызды қадам, – деп атап өтті Қостанай әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов.

Өз кезегінде, кеңесте бағдаршамдардың санын көбейту және олардың жұмыс тәртібін қайта қарау, сондай-ақ біржақты қозғалыстар желісін ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықпен қамтамасыз ету сияқты ұсыныстар айтылды. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша елорданың тәжірибесін зерделеу қажеттігі де атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар барлық мүдделі тараптардың пікірі мен қауіпсіздік аспектісін ескере отырып, жолдарды қайта жаңарту бойынша шешімдер бірлесіп қабылдануы тиіс деген ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру