Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полициясы ірі алаяқтық қылмысын ашты

Қостанай полициясы ірі алаяқтық қылмысын ашты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада полицейлер жиһаз жасау фирмасының иесін ұстады. Ол алаяқтық жолмен 10 млн теңге сомасында ақшаны иемденген.

Қостанай қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындарынан оларды алдау фактісі бойынша бірнеше өтініш келіп түсті. Қала тұрғындары жиһазға жергілікті фирмадан тапсырыс берген. Тапсырыс беру кезінде сатып алушылардан алдын-ала төлем-тапсырыс сомасының жартысы алынған.
Бірақ компания өз міндеттемелерін орындамады.

Аталған өтініштер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлімінде көзделген (Алаяқтық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде жиһаз цехына иелік еткен 50 жастағы жергілікті кәсіпкер ұсталды.

Ол алдын ала төлем ретінде алынған ақшаны иемденгеннен кейін телефонын сөндіріп, байланысқа шықпай қалған. Басқа жағдайларда, ол тапсырысты орындауға уәде бергенімен, мерзімдері қайтадан кешіктірілген. Тергеу аясында оның өз міндеттерін орындауды жоспарламағаны анықталды.

Осылайша 25 қостанайлық зардап шекті. Аталған мәселе бойынша полиция осындай жағдайға тап болсаңыз, “102” телефоны бойынша немесе Полиция басқармасына жазбаша өтінішпен хабарласуды сұрайды.
Ведомствода зардап шеккендердің саны көп болуы мүмкін деп санайды. Полиция жыл басынан бері 201 алаяқтық фактісін тергеумен аяқтап, сотқа жібергенін атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру